Қазақ Осы
Ата тегі қазақтардың түрік-сақ,
Арғы жағы Түркілердің Ғұндар жақ.
Теле-оғыз үйсіндермен он оқтар,
Одан шығар «Қоса-оқтардан» қазақтар.
Айт десеңіз айта берем дәлірек,
Қазақ ханы Керей менен Жәнібек.
Қалқан болған қазағыма Қабанбай мен Бөгенбай,
Шарыш ханның басын алған Абылай.
Айтеке би, Қазыбек би, Төле еді биіміз,
Ен далада еркін жүрген елміз біз.
Біріккенде жұдырық боп түйіліп,
Қалмақтардан азат болған жеріміз.
Қазақ осы ата жұртта қой баққан,
Қазақ осы Абай болып ой баққан.
Қазақ осы Исатай мен Маханбет,
Қол басқарған бар Алаштың қамын жеп.
Қазақ осы Алтынсарин, Шоқандар,
Аспанымда сәуле шашқан жұлдыздар .
Қазақ осы Кенесары ханымыз,
Азаттықта бетке тұтқан арымыз.
Әлиханға ұран болған алашым,
Ахмет пен Міржақыптар көрді елдің көз жасын.
Мұстафа мен Тұрарда тек жатпаған ,
Қазақтардың оятыпты көкірек көзін санасын.
Әуезовтер, Марғұландар, Қаныш боп,
Бодандықтан көріпті олар азап көп .
Желтоқсанның түп мақсаты азаттық,
Жәй бір содыр істер емес надандық.
Үні қалды жүз жасаған Жамбылдың ,
Батырлықты ту көтерген жыршының.
Батыр еді біз білетін Шәмші аға,
Ән ұранды жазып кетті әнші аға.
Бүгін қазақ бодан емес ел болды,
Ел елдігін төрткүл дүние көз көрді.
Қазақ десе ақ нан түсер есіне,
Шет елдіктер көргендей жүр түсінде.
Қазақ салды Астана деп ақ қала,
Алатауға айбат берер Алматыдай бас қала.
Түркістаным түркілердің қазығы,
Қанат қақты Түркістанда жас қала.
Қазақ елі еселенді түрленді,
Қазақстан шуақты боп гүлденді.
Қазақпын деп мақтанамыз айтамыз,
Бақытты күн елімізде туды енді.
Еркебай Бүрлібайұлы 28.11.2021