- +7 775 403 64 48
- +7 775 666 27 73
- +7 701 999 92 11
- erkebay.burlibai@mail.ru
Еркебай бүрлібайұлының ресми сайты
Халық жазушысының қысқаша өмірбаяны...
Еркебай Бүрлібайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 1934 жылы туылған. Әкесі Бүрлібай Сапарұлы 1937 жылдың соңында халық жауы ретінде абақтыға жабылып, кейіннен Ұлы Отан соғысына қатысып, ауыр жарақаттан Архангельск қаласында госпитальда қайтыс болды деген дерек бар. Жеті жылдық мектепті, Ташкент шахарындағы педагогикалық училищені, Низами атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін бітірген. Оңтүстікке белгілі ұстаз, тарихшы, шежіре танушы. Ұзақ жылдар «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің штаттан тыс тілшісі болған. Жас кезінен бастап, осы күнге дейін аудандық, облыстық, республикалық көптеген газет-журналдарда тарихы танымдық және әдеби шығармалары тұрақты жарияланып келеді. 1977 жылы Алматыда шыққан «Шұғыла» атты өлеңдер жинағына, 1996 жылы Алматыдан шыққан «Жабай тоқсаба-әулие» кітабына көптеген еңбектері кірді. 2004 жылы «Жабай баба» жеке кітабы шықты. 2006 жылы, «Ойсыл баба–Сіргелі ұрпақтары» кітабына 11 тарихи мақаласы енді. 2011 жылы Шымкенттің «Кітап» баспасынан «Есте қалған есімдер», «Жабай бабаның киесі», «Қарқара» атта үш томдық шығармасы жарық көрді. Оның өткен ғасырдың 60 жылдарының басында орталық газет-журналдарында (Лениншіл жас, Білім және еңбек т.б.) жарық көрген «Сіргелілер не дейді?» атты тарихи-шежіре мақаласы қоғамда үлкен қызығушылық туғызып, талқыға түсті. Аталмыш мақала республикада жарияланған алғашқы тарихи шежіренің бірі болатын. Отырар өңірінде жергілікті археолог-тарихшылар Асантай Алимов, Адасқан XXXX біргелікте алғашқылардың бірі болып қасиетті Отырар төбеде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Мәшһүр академик, археолог-тарихшы К. Ақышов, У. Шалекеновтер бұл Отырарлық әуесқой археологтардың еңбегіне жоғары баға берген. Еркебай Бүрлібайұлы 30 жылдан астам мектеп директоры қызметін атқарған. «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген қызметкері», КСРО «Құрмет белгісі», «Еңбек қызыл ту» ордендерінің иегері. Оған қосымша көптеген медаль, мақтау қағаздарымен марапатталған. КСРО мен ҚР оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері. 1987 жылы Қазақстан Республикасы мұғалімдері съезі делегаты. 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы мектеп директорлары байқауы жеңімпазы. Жергілікті кеңестің әр кезеңдегі депутаты болып сайланып, қоғам өміріне белсене араласып отырған. Сарыағаш, Отырар «аудандарының құрметті азаматы».
Жабай ата кітабы
Жинақта сонау XVII ғасырда ғұмыр кешкен Жабай Қазыбекұлының өмірі мен қызметі туралы кеңінен баяндалады. Кітапты құрастырушы Һәм авторы болып табылатын Еркебай Бүрлібайұлының бұл ретте көптеген ізденістер жасағаны көрініп тұр. Жаратушы жар болып осы жинақ қолыңызға тисе сізге де шипасы болары анық. Кітаптың тілі жатық, оқырмандарын жалықтырмайды.
Сабырбек Олжабай
Еңбектері
Жазушының еңбектері қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасын зерттеуге арналған. Ол шығармаларында Бәйдібек би баба, Жабай батыр секілді тұлғаларды және Қоңырат, Сіргелі, Қожа руларының шежіресін кеңінен сипаттайды. Автор халық ауыз әдебиеті мен тарихи деректерді ұштастырып, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізуді мақсат етеді.
Бәйдібек би
Бірде жолым түсіп Шаянға бардым. Қайтар сапарымда Балабөгенмен жүретін көлікке отырдым. Жолай ақ жұмыртқадай ағараңдап сонадайдан Домалақ ана кесенесі көрінді. Кесене жолдан...
Қожалар
«Отыз ұлың болса да орны бөлек, қырық қызың болса да қылығымен» дегендей, өздерінің болмыс-мінезімен, әдет-ғұрпымен ерекше дараланған қазақ тайпаларының бірі қожалар.
Қоңыраттар
Бірде Шымкенттен шығатын «Сана және Нарық» газетінің бас редакторы, оңтүстікке белгілі журналист інім, Оразхан Жарқынбек Отырар тарихына қатынасты мақала қажет етіп тұрғанын айтты.
