Жабай батыр (Тоқсаба, әулие, баба) - кім?

Жабай Қазыбекұлы (1728-1810). Қазақ-қалмақ (жоңғар) соғысының батыры. Тоқсаба шеніндегі әскери қолбасшы. Ұлы жүз Сіргелі елінің батыры.  Жабай батырдың жауынгерлік жолы 1744 жылы Абылай ханның Ташкент атырабын жоңғарлардан азат ету жолындағы Азатбасы шайқасында қатардағы сарбаз болып қатысудан басталған. Ол 1754 жылдан бастап қолбасшы ретінде жатжерліктерді Қазақ жерінен толық қуып шыққанша ат үстінен түспеген сардар. Абылай хан Жабайдың жоңғарларға қарсы соғыстағы батырлығын ескеріп, Сіргелі тайпасына  Ташкент шаһарының іргесінен  үлеске үлкен жер берген. Қазір ол жер Ташкент қаласының құрамындағы «Сиргели массиві» деп аталады. Әулиеата, Жетісу маңындағы қазақ-қырғыз қақтығыстарында қолбасшы болып, ол өзін қазақ-қоқан арасындағы қайшылықтарда мәмілегер-дипломат екенін де көрсетеді. Көзінің тірісінде өлшеусіз абыройға ие болған батыр, өмірден қайтқан соң оған қатысты жерлер, тұтынған заттар қасиетті деп саналып, ел арасында ерекше құрметке ие болып келеді. Жабай батыр қайтыс болғаннан кейін сүйегі жуылған жер — Сарығаш ауданы, Әлімтау мекені.  Сүйегі Ташкент қаласының қасиетті Көкше зиратына қойылған. Қазіргі күнде баба моласы өзбек-қазақ арасында киелі саналып, «Қазақ Әулие» деп аталады. Халық батырдың жуығы мен сүйегі қойылған жерді киелі орын санап, көпшілік зиярат жасайды. Жабай батыр (Тоқсаба) туралы қазақтың дара ақыны Тәтіқара жырау да  

© 2025 Еркебай Бүрлібайұлы. Барлық құқық сақталған

Сайт жасаушы Әлиасқар Ақарыс

Прокрутить вверх