Негізгі бет

Еркебай бүрлібайұлының ресми сайты

Жазған еңбектері Бәйдібек би Жабайы батыр Қожалар Қоңыраттар |

Халық жазушысының қысқаша өмірбаяны...

Еркебай Бүрлібайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 1934 жылы туылған. Ташкент шахарындағы педагогикалық училищені, Низами атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін бітірген. Оңтүстікке белгілі ұстаз, тарихшы, шежіре танушы. Ұзақ жылдар «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің штаттан тыс тілшісі де болған. Жас кезінен бастап, осы күнге дейін аудандық, облыстық, республикалық коптеген газет-журналдарда оның тарихы танымдық және әдеби шығармалары тұрақты жарияланып келеді.

Жабай ата кітабы

Жинақта сонау XVII ғасырда ғұмыр кешкен Жабай Қазыбекұлының өмірі мен қызметі туралы кеңінен баяндалады. Кітапты құрастырушы Һәм авторы болып табылатын Еркебай Бүрлібайұлының бұл ретте көптеген ізденістер жасағаны көрініп тұр. Жаратушы жар болып осы жинақ қолыңызға тисе сізге де шипасы болары анық. Кітаптың тілі жатық, оқырмандарын жалықтырмайды.

Сабырбек Олжабай

Еңбектері

Жазушының еңбектері қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасын зерттеуге арналған. Ол шығармаларында Бәйдібек би баба, Жабай батыр секілді тұлғаларды және Қоңырат, Сіргелі, Қожа руларының шежіресін кеңінен сипаттайды. Автор халық ауыз әдебиеті мен тарихи деректерді ұштастырып, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізуді мақсат етеді.

Бәйдібек би

Бірде жолым түсіп Шаянға бардым. Қайтар сапарымда Балабөгенмен жүретін көлікке отырдым. Жолай ақ жұмыртқадай ағараңдап сонадайдан Домалақ ана кесенесі көрінді. Кесене жолдан...

Қожалар

«Отыз ұлың болса да орны бөлек, қырық қызың болса да қылығымен» дегендей, өздерінің болмыс-мінезімен, әдет-ғұрпымен ерекше дараланған қазақ тайпаларының бірі қожалар.

Қоңыраттар

Бірде Шымкенттен шығатын «Сана және Нарық» газетінің бас редакторы, оңтүстікке белгілі журналист інім, Оразхан Жарқынбек Отырар тарихына қатынасты мақала қажет етіп тұрғанын айтты.  

Еркебай Бүрлібайұлы

© 2025 Еркебай Бүрлібайұлы. Барлық құқық сақталған

Сайт жасаған адам Әлиасқар Ақарыс

 

Прокрутить вверх